Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Колледжіміздің Жастар ісі жөніндегі комитетінің  төрағасы

Оразов Н.Р. бастауымен “Мәңгі жаса, қыран елім қазағым!” атты мерекелік іс-шара өтті. Іс шараның мақсаты: Колледжіміздің жалынды жастарын патриотизмге тәрбиелеу, еліміздің сан ғасырлық тарихымен таныстыру. Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы мереке – Республика күнімен құттықтаймыз!

Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бостандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, бақ - дәулет, ырыс тілейміз!