«Серіктестік алаңы» жобасы бойынша өткен тәжірибе алмасу
Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 2 курс МД-22 тобының білім алушылары «Серіктестік алаңы» жобасы бойынша Қостанай гуманитарлық колледжіне 24.10.2023ж. күні «Ата-аналармен жұмыс жасаудағы ең жақсы тиімді тәжірибе» тақырыбында тәжірибе алмасу мақсатында тренинг өтті.
Тренингтің мақсаты- баланың дамуына жеке тұлға болып қалыптасуына, ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.
Тәжірибе алмасуда білім алушылар «Сөйлемді жалғастыр», «Тентек шар», «Күн шуағы», «Жер жаңғағы» т.б. жаттығулар мен тренингтер өткізді. Тәжірибе алмасуды педагогикалық тәжірибе әдіскерлері Т.У.Аубакирова, Б.Д.Білісбековалар ұйымдастырды.
Нургазиева Бакытира Акансериевна
директордың оқу өндірістік жұмысы
жөніндегі орынбасары
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1509-seriktestik-ala-y-zhobasy-bojynsha-tken-t-zhiribe-almasu.html#sigFreeId98bcf9b10c