Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Әдістемелік кеңес өтті Бүгін 09 қараша күні Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің оқу әдістемелік жоспарына сәйкес кезекті №2әдістемелік кеңес болып өтті Әдістемелік кеңес тақырыбы: «Инновациялық педагогикалық әдіс тәсілдерді зерттеу және қолдану» Әдістемелік кеңестің күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды. 1 № 1 әдістемелік кеңес шешімінің орындалуы туралы. 2 Шеберлік сыныбы. «Сабақ барысында қолданылатын белсенді әдіс тәсілдер» 3 Практикум. Талап КЕАҚұйымдастыруымен өткізілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру педагогтерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту» оқытушылардың біліктілігін арттыру курсынан алған тәжірибелерімен бөлісіу; 4 Оқытушылардың оқу-әдістемелік жұмыстарына жасалған сараптамалық бақылау нәтижесімен таныстыру; 5 «Педагогика және бастауыш білім беру әдістемесі»ПӘК жоспарына сәйкес өткізілетін онкүндік жоспарымен таныстыру. Ағымдағы мәселелер Модульдік жұмыс бағдарламаларының оқу жоспарын сәйкес жинақтау Әдістемелік кеңесте сөз алды: 1 Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша колледж әдіскері Г.К.Оразова №1 әдістемелік кеңес шешімінің орындалу барысымен таныстырды. 2 Келесі сұрақ бойынша колледж оқытушылары Н.В.Маранова, С.У. Оралбаева А.Е.Насрединова Талап КЕАҚ ұйымдастыруымен өткізілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру педагогтерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту» оқытушылардың біліктілігін арттыру курсынан алған тәжірибелерімен бөлісіп семинар практикум өткізді. 3 Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша мектепке дейінгі оқыту және тәрбие бөлімінің оқытушыларыТ.У.Аубакиова, Д.Б.Білісбекова, А.Ж.Сейполинова колледж оқытушыларына «Сабақ барысында қолданылатын белсенді әдіс-тәсілдер»тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Шеберлік сыныбында сабақ барысында психологиялық ахуал қалыптастыру, жаңа материалды иегруге арналған әдіс-тәсілдер, сабақ соңындағы кері байланысты ұйымдастыру және бағалаудың жаңа түрлерімен бөлісті. 4 Күн тәртібіндегі келесі сұрақ бойынша колледж әдіскері Г.К.Оразова оқытушылардың оқу-әдістемелік жұмыстарына жасалған сараптама