Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

16-қараша  күні  ТЖМ  қызметкерлері  колледж  жатақханасының білім  алушырына  өрт  қауіпсіздік  ережесін  алдын-алу  мақсатында  үгіт – насихат  жұмыстарын жүргізді.  Қазақстан  Республикасының  ТЖМ Қостанай  облысының  төтенше  жағдайлар  департаменті  Арқалық қаласының  Төтенше  жағдайлар  бөлімінің  бастығы азаматтық  қорғау майоры  Нургалиев Асылхан  Галиханович  пен  бас маманы  азаматтық қорғау  капитаны  Мухаметжанов  Мерей  Ерболатович  білім алушыларымызға  өрт  кезінде  сабыр  сақтап,  өртке  қарсы  қызмет  нөмірін жатқа  білу, қандай  іс-әрекеттер  жасау  керек  екендігін  егжей-тегжейін түсіндіріп  өтті. Сонымен  қатар  AppStore  қосымшасы  арқылы  өрт қауіпсіздігін  алдын- алу  жайлы  анимация  көруге  болатындығын түсіндірді.. «Өрт  кезіндегі  іс-қимылдар»  атты бүктемелері  мен плакаттар  таратты.