Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

 2023 жылдың 29 қараша күні Қызылорда облысы білім басқармасының Қызылорда облыстық оқу орталығы(әдістемелік кабинет) және М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімі «Стратегиялық міндеттер мен ұлттық құндылықтар-мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сапасына жаңа бағыт»  тақырыбында мектепке дейінгі білім беру саласының педагогтеріне арналған Н. Құлжанова атындағы VІІ Республикалық Педагогикалық оқуларын ұйымдастырылып өткізді.  Педагогикалық оқуларды ұйымдастырудың мақсаты:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы №249 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасындағы басым бағыттарды іске асыру. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 наурыздағы №137 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін жүзеге асыруға бағытталған озық тәжірибелерді анықтау, насихаттау Кадр даярлаудағы теория мен практиканың бірлігі үшін балаларды ерте дамыту мәселелері бойынша жоғары оқу орындары мен колледждердің және мектепке дейінгі ұйымдармен өзара әріптестікті арттыру. Аралас форматта өткізілген аталмыш шараға Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінен «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің арнайы пәндер оқытушысы Насрединова Ақжарқын Есеметовна өз студенті МД-22 тобының студенті Ерланқызы Гүліммен оффлайн шараға қатысты.

Шараның пленаралық отырысында Ақжарқын Есеметовна Н. Құлжанова атындағы біздің колледждің тыныс тіршілігімен таныстыратын баяндама жасап, Құлжанова еңбектері мен мұрасын жалғастыру хақында колледждегі жасалып жатқан жұмыстармен тәжірибе бөлісті. Шара барысында екі колледж арасында әріптестік арақатынасты нығайту мақсатында әлеуметтік серіктестік мемориандим бекітілді. Құжатта колледжаралық екі жақты тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру, ортақ іс шаралар жоспарлап өткізу, білімалушылар мен оқытушылардың ортақ әдістемелік қарым-қатынасты дамыту қаралған. Шаранық секциялық отырыснда МД-22 тобының студенті Ерланқызы Гүлім «Білікті ұрпақты-білікті маман тәрбиелейді» тақырыбында оффлайн баяндама жасады. Сондай-ақ колледж оқытушылары өз студенттерімен шараға онлайн қашықтан қатысып, баяндама жасады.

Аубакирова Толқын Утешовна, МД-22 тобының студенті Дүйсекова Аружан Темірханқызы «Цифрлық кезеңдегі отбасы тәрбиесі: заманауи тәсілдер және ұлттық бірегейлікті сақтау» тақырыбында; Ақылбекова Луиза Бекетовна, БМ-42 тобының студенті Есқали Гүлімжан Рауанқызы «Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына ықпал ететін трансформациялық ойындар» тақырыбында; Хасенова Зайгул Рашитовна МД-31 тобының студенті Диана Мирашқызы «Ұлт болашағы-ұрпақ тәрбиесі» тақырыбында; Білісбекова Динара Білісбековна ЖД-21 тобының студенті Қарсақбай Камила «Заманауи білім беруде интер белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану жолдары» тақырыбында баяндамаларын қашықтан, онлайн форматта қорғады. Барлық қатысушылар мен жетекшілер алғыс хаттар мен сертификаттарға ие болды. Н. Құлжанова есімінің ұлықталған іс шараға қатысу біздің колледжіміздің басты парызымыз деп блеміз. Қызылордалық әріптестерімізге көп рақмет.