Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

13-желтоқсан күні Торғай гуманитарлық колледжінде " Желтоқсан ызғары" атты поэзия кеші өткізілді. Кештің құрметті қонағы 1986жылғы желтоқсан оқиғасының қатысушысы Дәмет Есенжолқызы Хұсайын қатысты. Іс-шараның басты мақсаты: Білім алушылардың патриоттық сезімдерін көтеріп, желтоқсан құрбандарына құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Іс-шара барысында кеш қонағымен сұхбаттасып, жүргізушілер мен білім алушылардың желтоқсан құрбандары мен желтоқсан оқиғасы жайлы бейне ролик тамашаланып, көрермендердің сұрақтары қойылды. Сондай-ақ, бағдарлама барысында кеш қонағымен ойындар өткізіліп, желтоқсан әні хормен орындалды. Сондай-ақ іс-шара барысында атсалысқан музыка бөлімінің "Атамұра" ұлт-аспаптар ансамбльі қазақ күйлерінен попурри орындады.Кеш соныңда БМ-32 тобының коллдедж атынан дайындаған естелік сыйлығы кеш қонағына табысталып, барша студенттер естелік фотоға түсті!