Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

19 желтоқсан күні 2023 жылы Қостанай облысы Білім басқармасымен  Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжімен бірлескен «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының бітіруші  3-4 курс  білім алушыларымен  «Мұғалім ретінде мектепке жұмысқа қалай орналасу керек?» тақырыбында білім басқармасы қызметкерлерімен онлайн түсіндірме жұмысы  ұйымдастырылды.

Ақпараттық түсіндірме шарасында  түлектерге жұмысқа орналасу үшін әзірленетін құжаттар тізімі мен конкурсқа қатысу кезеңдері туралы нұсқаулық берілді. Жұмысқа орналасуға құжаттар  ҚР білім және ғылым министрлігінің

№ 338 бұйрығы бойынша, педагог лауазымдарының үлгілік  біліктілік сипаттамаларымен бекітілген талаптарына сәйкес қаралатындығы түсіндірілді.

Қатысушыларға видео роликтер көрсетіліп, білімалушылар тарапынан туындаған сұрақтар талқыланды. Шараға жалпы саны  50 білім алушы қамтылды.