Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

2023 жылдың 20 желтоқсан күні Н.Құлжанова  атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде жалпыколледжішілік ата-аналар жиналысы болып өтті.Жиналысқа 1 курс білімалушыларының ата –аналары шақырылды. 80 нен астам ата ана қатысқан жиналыстың күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды.

Күн тәртібінде:

  1. Ақпараттық баяндама "Колледж 2023-2024 оқу жылындағы жұмыс жоспары, колледж мүмкіндіктері".

                                                   колледж директоры Р.Е.Мамбетов

 

  1. Ұйымдастырылған психологиялық жұмыстардың қорытындысы туралы ақпараттық баяндама "1 курс  студенттерінің бейімделуі".

                                                      колледж психолгі Г.Д.Нуркенова, 

  1. Ақпаратттық түсіндірме жұмысы "Қызылша ауруының алдын алу жолдары".

                                                  колледж мейірбикесі  А.Ә. Еділ,

  1. Түсіндірме кеңес "Кәмілеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары»

                                                                 Полиция лейтенанты: И.С.Ғалымтаев

 

Ағымдағы мәселелер

  1. 1 семестрді қорытындылау сесиясы жұмыстарына балалардың сабаққа қатысымын ата-ана тарапынан қадағалау.

 

Кеңесте тыңдалды

1-ші мәселе бойынша колледж директоры Руслан Елікбайұлы Мамбетов сөз алды. "Колледж 2023-2024 оқу жылындағы жұмыс жоспары,колледждің даму  мүмкіндіктері"тақырыбында баяндама жасып колледж жетістіктері мен мүмкіндіктері талқыланды.

2-мәселе бойынша колледж психологы  Гулмира Дауылбайқызы Нуркенова "1 курс  студенттерінің бейімделуі" тақырыбына жүргізілген диагностикалық  жұмыстар жайлы ақпарат беріп, ата аналарды бала тәрбиесінде ортақ  әріптестікке шақырды. Балалардың психологиялық  ерекшеліктеріне қарай жұмыстарды ұйымдастыру бағыттары бойынша ата-аналарға кеңес берді. Дайындалған жадынамамен таныстырып, ата-аналардың пікірін тыңдап, ой бөлісті.

  1. 3-мәселебойынша колледж мейірбикесі Айзада Әділқызы Еділ ақпараттық баяндамасы тыңдалды. Белең алып тұрған қызылша жұқпалы ауруынан сақтану жолдары туралы кеңес берді. Қызылшаға қарсы вакцина алу тәртібін түсіндірді.
  2. 4-мәселе өзекті тақырып, "Кәмілеттік жасқа толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары» тақырыбында Полиция аға лейтенанты: Иманжан Сұлтанбекұлы Ғалымтаев түсіндірме кеңес жұмысын жүргізді.

Кеңес жұмысы барысында күн тәртібіндегі  мәселелер талқыланып, ата аналар өз сауалдарына жауап алды және  отырыс  шешімін шығарды.