Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

2023 жылдың 26 желтоқсаны күні колледжде жыл сайын дәстүрлі түрде колледж үздіктерін анықтауға арналған колледж жастарының «Алтын кітабына» енушілердің салтанатты мерекесі өткізілді.
Алтын кітап, бұл әрбір колледж студентінің колледж қабырғасында жасаған еңбегінің жемісі, Алтын кітап жыл қорытындысы бойынша тек үздіктерді анықтайтын колледж студентері арасындағы ең жоғарғы награда.
2023 жылдың қорытындысы бойынша сарапшы комиссия жұмысы нәтижесінде колледждің үздік жастары енгізілген жоғарғы наградаға лайықты «Алтын кітап» иегерлерін 5 номинация бойынша 9 білімалушыны анықтады. Олар: «Білім» номинациясы бойынша Қуандық Парасат БМ-21 тобы,
«Жас ғалым» номинациясы бойынша Қайратқызы Қаламқас БМ-32тобы және Дүйсекова Аружан МД-31 тобы,
«Мәдениет және өнер» номинациясы бойынша Жақсылық Аида БМ-32 тобы және Қалыбай Эльвира БМ-42 тобы,
Жас көшбасшы номинациясы бойынша Қалыбай Индира БМ-42тобы
Мұқан Аяулым БМ-31 тобы,
« Спорт» номинациясы бойынша Жаңбыршы Қызғалдақ БМ-42 тобы және Елеусизова Қарлығаш БМ-31 тобының білімалушылары.
Олар жыл ішінде зияткерлік, шығармашылық, спорттық, ғылыми, өндірістік салаларда республикалық, облыстық, қалалық жетістіктерге қол жеткізе алған, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға қосқан үлестері үшін ынталандыру және құрметтеу мақсатында колледж «Алтын кітабына» енді.
Кеш барысында колледж директоры Мамбетов Руслан Еликбаевич сөз алып марапат иелерін құттықтады. Мерекелік шараға марапат иелерінің ата-аналары қатысып,құттықтау сөз алып, балаларына көрсетіліп жатқан құрметке ризашылықтарын білдіріп өз жүрекжарды лебіздерін жолдады. Марапаттауға арналған мерекелік шара соңында «Алтын кітап-2023» иегерлеріне де сөз берілді. Қуанышты сәттен алған әсерлерімен бөлісіп, осындай жетістікке жеткізген колледж оқытушыларына ризашылығын білдірді. Кеш барысында колледж саз бөлімі мен БМ-31 тобы студенттерінің орындауында әсем ән тыңдалып, керемет би қойылымдары ұсынылды.