Акция шеңберінде Аяз ата мен ақшақар барлық топтар мен жұмыс бөлмелерін аралап ақ тілегін жолдады. Аяз атаның ақ тілегіне жауап ретінде оқытушылар мен білім алушылар Аяз атаға өз тақпақтары мен өлең жолдарын арнады. Аяз ата дәстүрлі түрде барлық немерелдеріне тәттілері мен жемістерін сыйлады. Шара жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілсе де әрбір қатысушыға мерекелік көңіл сыйлағаны сөзсіз. Өйткені жаңа жыл баланың да үлкендердің де ертеңгі күннен таңғажайыптар күтетін ерекше мереке. Сол таңғажайыптар орындалып, ойымыздағы барлық армандарымыз орындалсын. Жаңа жылда айтылған ақ тілектер қабыл болсын. Жаңа жылдарыңызбен, әріптестер!