«Жас талап-2024» байқауының үздіктері анықталды
26.01.2024ж
Өнерге ден қойған жас ұрпақтың жетістігін атап, оған ортақ болу, ілтипат білдіру де – жақсылықтың нышаны.
💫 Соның бір дәлеліндей
🏤 Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің білім алушылары әркез өнер биігінен көрініп келеді.
🔴 Жас таланттарымыздың өнердегі қадамдарын шыңдап, жаңа есімдерді жарыққа шығару мақсатында жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен өткізілетін
🔵 «Жас талап-2024» дарындар додасы биылғы жылы да өз жалғасын тапты.
🔴 Жүзден жүйрік шыққан жас өрендер
🔥хореография өнері,
🔥 вокал,
🔥аспаптарда ойнау шеберлігі,
🔥театрлық өнер,
🔥авторлық ән,
🔥авторлық өлең,
🔥айтыскер ақындық өнері,
🔥жүргізушілер аталымдары бойынша өзара бақ сынасты.
🟢 Әр топ 25-30 минут көлемінде аталған номинациялар бойынша концерттік бағдарламаларын көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
🌍 Сайыста төрелік жасаған колледж директорының Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
🎗 Оразова Гулхашима Куандыковна,
Колледжіміздің психологі
🎗 Нуркенова Гулмира Дауылбайқызы, және Колледж әлеуметтік педагогі
🎗 Әмір Махаббат Қуандыққызы
құрылған комиссия құрамы сахна тәртібін қатаң қадағалай отырып өнерпаздарымызды әділетті бағалап, әр номинация үздіктерін жекелей маратпаттап, жүзден жүйрік шыққан топтарға орындар беріліп, дипломдар табыс етілді.
🎉 Бас жүлдені ДМ — 11 тобы иеленді
🎉 Жүлделі 1-орынды ДМ-12 тобы иеленсе,
🎉 ІІ-орынды Муз-1 тобы қанжығасына байлады, жүлделі
🎉 ІІІ-орын БМ-11 тобына бұйырыпты.
Қалған екі топ әр түрлі номинациялар бойынша марапатталды
🌍 Ұлттық құндылықтарымыздың насихатталуы, өнеріміздің шарықтауы біздің елдің дамуына зор үлес қосары сөзсіз. Өнер — біздің рухани қазынамыз!
💥 Талантты жас буынның талпыныстары жоғары. Алдағы уақытта биіктен көріне беруіне тілектеспін. Болашағынан зор үміт күттіретін өрендерге сәттілік серік болғай.
🔴 Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы:
🟢 Оразов Ниязбек Рамазанұлы
View the embedded image gallery online at:
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1572-zhas-talap-2024-baj-auyny-zdikteri-any-taldy.html#sigFreeId2fb9bb6d30
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1572-zhas-talap-2024-baj-auyny-zdikteri-any-taldy.html#sigFreeId2fb9bb6d30