2024 жылдың 19 қаңтарында тәрбие жұмысының жалпы жұмыс жоспарына сәйкес колледж жатақханасында тәртіп бұзушылықтың алдын алу жұмысы ретінде студенттермен кездесу өткізілді. Кездесуге: "Кәмілеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары»жұмысы бойынша Арқалық қалалық полиция басқармасының аға лейтенанты: Иманжан Сұлтанбекұлы Ғалымтаев қатысты.Сондай ақ, колледж Нуркенова,колледж әлеуметтік педагогы Әмір Махаббат Қуандыққызы және жатақхана меңгерушісі Саржанова Элмира Кенжемуратовна, жатақхана тәрбиешісі Халелова Бакыткүл Нағашыбаевна қатысты. Жиналысты колледж директорының орынбасары Оразова Гулхашима Қуандыққызы жүргізді Студенттерге құқықтары мен міндеттері, жатақханада тұру ережелері мен ішкі тәртіп түсіндірілді. Оларға тәрбие жұмысының негізгі бағыттары ұсынылды. Сондай-ақ, студенттерге ішкі тәртіпті сақтау, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мәселелері көтерілді. Тәртіп бұзған жағдайда қолданылатын жаза мен айыппұл мөлшері баяндалды. Құқықбұзушылықтың тіркелу тәртібі оның адам өміріне кедергілері мен әсері толық түсіндірілді. Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алды.