Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

25 қаңтар күні жолда жүру ережесін сақтау, жол апаты мен оқыс оқиғаның алдын алу мақсатында Арқалық қалалық жол полициясы қызметкерлерімен колледж 1-2 курс білімалушыларымен түсіндірме жұмысы өткізілді.Түсіндірме жұмысын полиция капитаны Аменов Алишер Жуманович жүргізді. Жол оқиғасына куә болған жағдайда куәгер ретінде өз азаматтық позицияларын ұстанып, белсенділік таныту және оқыс оқиға барысында жасалатын әрекеттермен теориялық және практикалық тұрғыда мысалдармен келтірді. Құқық бұзушылықтың алдын, алу және болдырмау, куә болған жағдайда жасалатын белсенді әркеттермен таныстырды. Әр азаматтың өз құқығын білуі және қолдана алуы жайлы кеңес берілді. Түсіндірме жұмысы барысында студенттер түйткілді мәселелерді көтеріп, сұрақтарына жауап алды. Түсіндірме жұмысы білімалушылардың құқықтық сауаттылығын толықтыруға себеп болды.