Кітап оқуға құштар жандар үшін керемет мүмкіндік! Тек қана Қостанай облысының тұрғындары үшін 1 ақпаннан бастап онлайн кітап оқу Байқауы бастау алды. Байқаудың ерекшелігі кітап оқу арқылы жүлдеге ие болуға болады. Оқылатын кітаптардың электронды нұсқасы ұсынылған. Әр бала үшін оқуы керек өте қажетті әдебиеттер таңдалған.Байқау талаптары да қатаң емес тиімді құрылған. Барлық колледж студенттері мен қызметкерлерді кітап оқу байқауына қатысуға шақырамыз. Байқауға облыс тұрғындары үш жас санаты бойынша қатыса алады 10 жастан 14 жасқа дейін (қоса алғанда) 15 жастан 18 жасқа дейін (қоса алғанда) 19 жас және одан жоғары Байқау шарттары туралы толық ақпарат http://www.kitap10.kz/ сілтемесі арқылы таныса аласыз. Үш кітап оқы да жүлдеге ие бол. # ОқыЖәнеЖең