Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

22-31 қаңтар аралығында  колледж білім алушылары арасында Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің 130 жылдығы, Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы, Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай 1-3 курс білім алушылары арасында эсселер байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: Студенттердің зияткерлік және  шығармашылық әлеуетін дамыту, ұлтына, Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.  Алаш зиялыларын сан қырынан таныту, ерен еңбегі мен биік тұлғасын үлгі ету. Байқау үш бағытта өткізілді. І курс студентері «Үш бәйтерек – үш арыс». Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин,  ІІ курс студенттері, «Алғашқы академик».  Қаныш Сәтбаев,  ІІІ курс студенттері, «Балалар әдебиетінің арғымағы».  Бердібек Соқпақбаев туралы  шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаз атанған білімалушылар  колледж директорының мадақтамаларымен марапатталды. Шараны ұйымдастырып, өткізген колледж «Қазақ тілі және әдебиет» пәні оқытушысы Абжанов Азамат Жарылгапович.