Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлқ колледжінде  Қонысбай Әбілұлының 70 жылдық мерейтойына арналған  «Елінің әй,әй ақыны» әдеби сазды кеш өткізілді. Шара  мақсаты: қазақтың халық ақыны,айтыскер, сатирик сазгер, журналист, жерлесіміз Қонысбай Әбілұлының мәдениет саласына сіңірген еңбегі мен жүріп өткен жолын жастарға насихаттау. Әдеби сазды кешке Арқалық қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы - Аубакиров Түбекбай Ғабсалықұлы Қалалық «Аналар кеңесі» Қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақытжамал Аяғанқызы Қалтаева, Ардагерлер кеңесінің мүшесі, қоғам белсендісі - Сандуғаш Орекенқызы Алматова, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика және филология факультетінің деканы, ақтаңгер ақын -  Айбек Киікбайұлы Қалиев, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының ғылыми қызметкері - Сағынтаев Батырлан Жұмабайұлы; «Қостанай таңы» газетінің меншікті тілшісі- Мұрат Жүнісұлы қатысты. Шарада халық ақынының өмір дастаны  баяндалған бейне үзіктер көрсетіліп, кеш қонақтарының аузынан керемет естелік әңгімелер тыңдалды, көркемсөз шеберлерімен ақынның өлеңдері оқылып, «Бала махаббаты», «Аңсау», «Тағы да мұң» атты  әндері орындалып, студенттердің жазған арнаулары ұсынылды. Жерлестеріміздің елімізге сіңірген еңбегін мақтан тұтамыз және дәріптей отырып, кейінгі ұрпаққа үлгі етеміз. В Торгайском гуманитарном колледже им.Н. Кульжановой проведен литературно- музыкальный вечер «Елінің әй,әй ақыны»,  посвященный 70-летию Конысбая Абиловича. Цель мероприятия: популяризация среди молодежи заслуг в сфере культуры и пройденного пути казахского народного поэта, айтыскера, композитора-сатирика, журналиста. Приглашены: Председатель совета ветеранов города Аркалык -Аубакиров Тубекбай Габсаликович Председатель городского общественного объединения «Совет матерей» Калтаева Бакытжамал Аягановна, Член Совета ветеранов, общественный активист, пенсионер -Алматова Сандугаш Орекеновна, Декан факультета педагогики и филологии Аркалыкского государственного педагогического института им.И. Алтынсарина, акын - Калиев Айбек Кикбаевич; Член Союза писателей Казахстана, научный сотрудник областного музея истории Степного края г. Аркалыка - Сагинтаев Батырлан Жумабаевич; Также был приглашен корреспондент газеты «Костанайские новости» - Мурат Жунусович. На мероприятии были показаны видео ролики о жизни Народного поэта, прозвучали замечательные памятные истории из уст гостей вечера, прозвучали стихи и песни Конысбай Абил  и кроме того выступили студенты  своими авторскими  стихами  посвященный юбилею поэта. Мы гордимся своими земляками и пропогандируем их достижение в будущему поколению.