Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Әдістемелік орталығы” КММ қолдауымен “КИнЭУ кәсіпкерлік колледжі”жыл сайын дәстүрлі түрде Халықаралық “Жас  ғалым -2024”ғылыми жобалар байқауын ұйымдастырып өткізеді. Студенттердің ғылыми ізденістерін дамытатын шараға біздің колледж де жыл сайын белсенділікпен қатысады. Биыл да байқауға 17 білімалушы өз жұмыстарын ұсынды. Аралас форматта өткен шараға оффлайн қатысқан балалар мен жетекшілер бар. Ізденіс -зерттеу жұмыстарының тартысы додасының қорытындысы бойынша 4 курс студенті Қуанышбай Роза жүлделі 2 орынды жеңіп алды. Жетекшісі: арнайы пәндер оқытушысы Ақылбекова Луиза Бекетовна. Сондай ақ, осы тартысты білім сайысында Мұқан Аяулым “Креативті шешім”номинациясын иеленді. Жетекшісі: педагогика пәні оқытушысы Издибаева Дариға Муратовна. Жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!!!