22 қаңтар күні колледжде дәстүрлі түрде студенттер лездемесі болып өтті. Әр дүйсенбі білімалушылар мен қызметкерлердің ұлттық нақышта киінетін күні болғандықтан лездемеге барлығы ұлттық киіммен келді. Лездеме студенттеріміздің Республикалық, облыстық, педагогикалық оқулар мен ғылыми тәжірибелік конференция жеңімпаздарын марапаттаудан басталды. Марапаттан соң колледжіміздің «Жас қалам» жазба ақындар үйірмесі мүшелерінің Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына жазылған авторлық өлең шумақтарын оқыды. Лездемеде колледждегі осы жетіде өткізілетін іс шаралар жоспары таныстырылып, 1 курс студенттері арасында «Жас талап 2024» өнер байқауы және Халқымыздың нар тұлғаларының мерейтойына арналған іс шаралардың ережесімен таныстырылды. Іс шаралар қатырында Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің 130 жылдығы, Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы, Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылатын эсселер байқауы да бар. Бұл байқауда :
І курс студентері - «Үш бәйтерек – үш арыс». Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин туралы;
ІІ курс студенттері - «Алғашқы академик». Қаныш Сәтбаев туралы;
ІІІ курс студенттері - «Балалар әдебиетінің арғымағы». Бердібек Соқпақбаев туралы өз туындыларын ортаға салып білім таластыратын болады.