Ұлыс мерекесінің онкүндігі шеңберінде колледж музыка бөлімі мен мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің білімалушылары қосылып «Бастаңғы өткізді». Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде жастарға жасалатын бас қосуды «Бастаңғы» деп атаған халқымыз. Білімалушлар «Бастаңғы» шеңберінде өтізілетін ата-дәстүр, салттарымыз бен жасалатын жөн-жоралғыларын көрсетті. «Ұйқы ашар» тағамын дайындап, «Селт еткізер» сыйлықтарын ұсынды. Ұмыт болған дәстүрлерінің өткізілу жолын түсініп, маңызына көңіл бөлді. Бастаңғыға жиналған жастар өнерлерін ортаға салып, ұлттық ойындар ойнады.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1631-basta-y-k-ni.html#sigFreeId13e788feca