«Ұлттық киім - ұрпаққа мұра»
Биылғы оқу жылынан бастап колледжімізде колледж басшылығының ұсынысымен, әр дүсенбі ұлттық киімдерімізді ұлықтап, әнұранымызды асқақтататын күн болып қалыптасты. Ұлттық киім ғана емес ұлттық нақыштағы әшекей зергерлік бұйымдарды тағуға да рұқсат берілді. Осы наурыз айынан бастап ұлттық нақыштағы киімді күнде киюге студенттер ұсыныс тастады. «Ұлттық киім –ұрпаққа мұра» екенін ескерсек, ұлттық мерекемізге деген құрметімізді көрсету басты міндеттеріміздің бірі дейді білімалушылар. Күн сайын ұлттық киімімізден рухтанып жүретіндерін білімалушылар мақтана айтады.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1636-ltty-kiim-rpa-a-m-ra.html#sigFreeId02b84d4222