Қостанай облысы білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ мен Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен «ХХI ғасырдағы білім беру: Жаңа тәсілдер мен мүмкіндіктер» тақырыбымен облыстық ғылыми - тәжірибелік конференция өткізілді. Конференция жұмысын «Әдістемелік орталығы» КММ басшысының орынбасары Гулнар Маратовна Утегенова салтанатты түрде құттықтаумен ашып берді. Сонымен қатар, конференцияның құрметті қонағы Қазақ ССР - ның білім беру үздігі, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Зина Шакировна Қолдасбаева қазіргі инновациялық технологияның жаңа тәсілдері мен мүмкіндіктері туралы мәлімет берді.
Конференция мақсаты- заманауи сапалы білім беруде нәтижеге жетуге бағытталған инновациялық тәжірибелер тарату жаңа формациядағы мамандар даярлау мәселесінің теориялық, әдістемелік, практикалық аспектілерін талқылау және Ы.Алтынсарин мұраларын насихаттау.
Конференция жұмысына облыстың аудандары, Қостанай, Арқалық қалаларының мектеп, колледж педагогтары қатысты. Жинақталған материалдар саны - 65 болса, оның 34 жұмысы онлайн форматта келесі 4 бағытта талқыланып, тыңдалды: «ХХI ғасыр жаңартылған білім беру жүйесін ұлттық педагогикамен ұштастыру», «Педагогтің сандық-ақпараттық құзыреттілігі: тәжірибе мен перспективалар», «Ыбырай мұрасы – адамзат баласының рухани азығы», «Ұлттық құндылықтарды ұрпақ арқылы тәрбиелеудің маңызы».