Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 - 4 курс білім алушыларының арасында 17 сәуір 2024 жылы «Тәжірибе - таным көзі» атты сайыс ұйымдастырылды.
Сайыстың негізгі мақсаты - білім ордасындағы теориялық және тәжірибелік білімі келешекте мол жетістіктеріне жету жолына септігін тигізе отырып, білім алушыларымыздың білім-білік дағдыларын дамытып, бойына сіңірген білімдерін тексеріп, тәжірибе аясында қолдану. Сайысқа әр топта 4 білім алушыдан 3 топ қатынасты. Сайысқа тәжірибе әдіскерлері Акылбекова Л.Б. мен Нургазиева Б.А. жауапты болды.
Сайыс 4 модуль бойынша өткізілді.
- А-модуль - Таныстыру кезеңі
- В-модуль - Сұрақ-жауап айдары
- С-модуль - Жағдаяттық сұрақтар
- Д-модуль - Үй тапсырмасы
Сайыскерлеріміздің әділ бағаларын беретін әділ-қазылар алқасы колледж әдіскері- Алматова С.О, қаламыздағы әлеуметтік серіктестеріміз, бастауыш сынып мұғалімдері - Шаяхметова Ж.Т., Қапсалықова С.Қ., Сәрсен Г.Е. әділ бағаларын беріп, білім алушыларға мақтау қағаздарын табыстады.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1642-t-zhiribe-tanym-k-zi.html#sigFreeId6082d5c993