Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру шарасы колледжде бүгін екінші күн жалғасын тапты. Бүгінгі 2024 жылдың 26 сәуірі күнгі ашық есік қонақтары Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінің 11 – 9 сынып оқушылары қатысты. Мектеп оқушылары ашық есік бағдарламасының ұнағанын айтып, ыстық ықыластарын білдірді. Қаламызда осында білім ордасы болғанына қуанатындарымен бөлісіп, міндетті түрде таңдау жасайтындарын айтты. Ашық есік күні мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беруге өз септігін тигізері сөзсіз. Кәсіби бағдар беру жұмысы жоспарға сәйкес тұрақты түрде жалғасын табады.