Арқалық қаласы тарихи тағылымы мол тағы да бір монументке толықты. Монумент 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналды. Солақай саясаттың кесірінен қаншама зиялық қазақ азаматтары құрбан болды.Олар өз пайдасы үшін емес ұлт болашығы үшін, қазақ ұрпағы үшін бастарын бәйгеге тікті. Олардың бірегейі жерлесіміз Ахмет Байтұрсыновтың ауыр тағдыры біздердің осы күнгі бостандығымыз бен тәуелсіздігіміздің кепілі болғаны анық. Кейінгі ұрпақ олардың бұл жанкештілігіне бас иеді хәм құрметтейді. Шара осы істің дәлелі деп білеміз. Саяси құрбан болған қазақ зиялыларына тағзым ету үшін қала тұрғындары, студенттерімен бірге Н.Құлжанова атындағы колледж әкімшілігі мен студенттері де қатысты. Еске алу монументіне гүл шоқтары қойылып, қала зиялы қауым өкілдері естеліктерін жолдады. Қалалық бас имам құрбандарға құран бағыштап, қол жайылды. Монумент өскелең ұрпаққа ұлт болашағы үшін күрескер жандарымыздың жанкешті тағдырын есіне алуда қызмет етеді деп сенеміз.Тәуелсіздігіміз тұғырлы ұпағымыз ғұмырлы болсын!!!
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1689-ar-aly-alasy-tarikhi-ta-ylymy-mol-ta-y-da-bir-monumentke-toly-ty.html#sigFreeIdba62a3501c