Колледждер арасында облыстық КРІ рейтингтік бағалау жобасы шеңберінде Арқалық қаласы бойынша 4 колледж арасында спорттық ойындардың 9 түрі бойынша жарыс ұйымдастыру бағдарламасы құрылды. Бағдарламаға 4 колледждің директорларының келісімімен қол қойылды. Алдағы уақытта бірлесіп ұйымдастырылатын іс шараның алғашқы кезеңі «Үстел теннисі» жарысын Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Дене тәрбиесі және спорт» пәнінің оқытушысы «Үстел теннисі» секциясының жетекшісі Нугманов Сагадат Маликович өткізді.
Өткізілген қалалық жарыс нәтижесі бойынша:
1 орын - Арқалық политехникалық колледжі командасы;
2 орын - Арқалық медицина колледжі командасы
3 орын - Арқалық көпсалалы колледжі командасы
4 орын - Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі командасы иеленді. Жеңімпаздар спорттық 9 түрінен өтетін жарыстың соңғы кезеңіндегі қорытынды шарада марапатталатын болады. Шара бағдарламасы бойынша ақпан айында шаңғы және футбол ойындары бойынша жарыс өткізу жоспарда тұр. Ұйымдастырушылар Арқалық политехникалық және Арқалық көпсалалы колледждер ұжымы. Спорттық жарыстардағы шын мықтылар мамыр айындағы қорытындыды анықталатын болады.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1693-stel-tennisi.html#sigFreeIdbe54269f96