Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Ақпан айының 2 ші жұлдызында Толерантты қарым - қатынасты қалыптастыру мақсатында "Рухы биік жандар" атты жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен арқалық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет алушыларына қайырымдылық концерт ұйымдастырылды. Волонтерлеріміз тренинг өткізіп, сонымен бірге күмбірлете күй тартылып, әуелете ән салып, биші ұлдарымыз флешмоб билетті. Көңілдері баладай, жүректері даладай дархан жандардың жанында шынайы қуаныштың лебін сезіндік.

Жүріп өткен жолдарымен, төзімділіктерімен көпке үлгі.

Күншіл тағдыр қудалағанның өзінде олар жоғары өрлейді, мүмкіндігі шектеулі болса да тілектері биік келеді.

Олар - кең пейілдіктің, ізгіліктің және бар қақпандықтың жұрт таныған бастауы.

Иә, біз жәй ғана олардың жүздеріне қуаныш ұялаттық, ал олар, бір ғасырға татитын бағалы сәт сыйлады.

Қазақ жетімін жылатпаған, кемтарын кемсітпеген текті жұрт.

Адам қай кезде болсын рухани құндылық іздейді, тіпті кей жағдайда оған материалдық игіліктің қажет болмауы да мүмкін.

Мейірім, жылы сөз, рухани қолдау әрқашан маңызды, барлық кезде де өзекті.

Егер ол адамның мүгедектігі болса, тіпті. Оларды тіпті сіз мүмкіндігі шектеулі деп те айта алмайсыз.

Арасында мүгедектігі жайлы суырылып шығып, өз проблемасын өзгеге айтқысы, естірткісі келетіндер аз.

Өйткені, олар намысқой, шыншыл. Сонысымен де бұл инклюзивті, «нәзік тақырып». Жаны қазақтың дархан даласындай кең жандарға рухани демалыс сыйладық.

Барлық стдуенттер волонтерлер өздеріне жүктелген міндеттерді лайықты орындап, барлық кемшіліктері мен артықшылықтарын сезіне алды.
Олардың өмір сүру сапасын жақсарту, жұмыспен қамту мәселелері назардан тыс қалмауы қажет.