Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Колледж қабырғасын бітіргендеріне 10 жыл болған түлектермен  студенттік шақты еске алуға арналған  «Колледжге  сағыныш» кездесу кеші ұйымдастырылып өткізілді.

Кездесудің басты мақсаты колледж бітіріп шыққан түлектеріміздің 10 жылда қол жеткізген жетістіктерімен бөлісу. Колледжде берілген білім мен біліктің өмір барысындағы көмегі, тәжірибеде қолданылуы.

Кездесу бағдарламасы есік алдында күтіп алудан басталды. 2014 жылы оқу біріген студенттерімізді дәстүрлі әнді  ұлттық аспапта нақышына келтіре орындаған жастар комитеті мүшелері қарсы алды. Омырауларына түлектер төсбелгісі тағылып,  ұлттық тағамдардан (қаймақ, бауырсақ, құрт) дәм ұсынылып, қымыз тартылды. Арнайы әзірленген фото зонада естелік суреттерге түсті. Волонтерлер ұрансөздермен қарсы алып, түлектер  кураторларымен кездесті. Кездесу бағдарламасы колледжге экскурция жасаумен жалғасты. Экскурцияның соңғы аялдамасы  МӘЖІЛІС  залындағы жайылған дастархан  басына жайғасады. Кездесу түлектерге арналған концерттік бағдарламаға ұласты бағдарлама барысында түлектеріміздің колледж қабырғасындағы қызықты оқиғаларын еске түсіріп кураторларға сөз берілді. Бағдарлама аясында түлектерге де сөз беріліп өз топ жетекшілеріне ілтипатын білдіру мүмкіндігі жасалды. Колледжге қонақ болып келген түлектеріміз «Колледжге сағыныштарын» жолдап білім алған ақ ордасына алғыстары мен сый сияпаттарын жаудырды. Түлектер колледжге демеушілік көмек ретінде қаражат тапсырды. 2014 жылғы колледж түлектеріне алғысымыз шексіз. Аталмыш шараны жыл сайын дәстүрге айналдыру қолға алынды.