Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Сабақтың мақсаты – аса көрнекті ғалым, геоглог, мемлекет қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушы әрі оның тұңғыш Президенті, 1964 жылдан КСРО Ғылым Академиясының акдемигі, 1951 жылдан Тәжік Ғылым академиясының құрметті акдемигі болған Қаныш Сәтбаевтың артында қалдырған ғылыми мұралары мен студенттерге  таныстыру.

Танымдылық сабағында «А,В,С» әдіс тәсілі қолданылды.

 А - сұрақ қояды.

В - жауап береді.

С – айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады.

Студенттер 3 топқа бөлініп отырады. А — сұрақ қоюшы, В – жауап беруші, С — бақылаушы рөлін атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.

Студенттер  осы сұрақтарға жазбаша стикерге жауап береді. Ұсыныс, тілектерін айтады. Қатысушылар тақырып төңірегінде көптеген жаңа мәліметтер алды. Қаныш Имантайұлының еңбектері мен туындыларымен тереңірек танысуға мүмкіндік алды.