Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Қазақстан Республикасындағы Еңбек күніне арналған республикалық дебат турнирін өткізу шеңберінде бүгін Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі колледж кәсіподақ ұйымымен бірлесе отырып «Менің жетістігім - менің нәтижем» тақырыбында колледжішілік дебет турнирі ұйымдастырылып, өткізілді. 

Дебат турнирінің мақсаты: Қазақстан Республикасындағы еңбектің маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру, еңбек адамының құқықтарын талқылау, білім беру жүйесінде кәсіби бағдарлау жұмыстарын жандандыру.

Қатысушылар санаты: 2 - 3 курс студенттері.

Өткізу форматы: БПФ. 

Турнирге колледж ардагер, зейнеткер ұстаздары: 

Алматова Сандуғаш Орекеновна 

Райымбекова Ботагоз Батырбекқызы

 Елеупова Қуаныш Темірфайловна

Және кәсіподақ ұйымының төрайымы Аубакирова Толқын Утешовна төрелік етті.

Турнирге 4 фракция қатысты 

Турнир қарары: ChatGPT секілді нейрондық желілер пайдадан қарағанда көбірек зиян келтіреді деп есептейді

 

Шара нәтижесі бойынша 

1 - орын

Жабушы үкімет

1 - спикер: Ерлан Гүлім, МД32

2 - спикер: Төлеу Инабат, МД32

 

2 - орын

Жабушы оппозиция

1 - спикер: Базарова Назгүл, Бм32

2 - спикер: Асанбай Гүлназым, Бм32

 

3 - орын

Ашушы оппозиция

1 - спикер: Қарсақбай Камила, Мд31

2 - спикер: Жолдыбаева Аружан, Мд 31

 

4 - орын

Ашушы үкімет

1 - спикер: Қабдеш Тұрсын, Дм22

2 - спикер: Қуанышбек Назар , Мд32

Ең үздік спикер: Асанбай Гүлназым, Бм 32

 

Турнир жеңімпаздарына колледж директоры атынан дипломдар мен медальдар және төрелік еткен қазылар алқасына, колледж кәсіподақ ұйымының атынан естелік сыйлықтар табысталды. Турнирге жауапты колледж "Өркениет" дебат клубының жетекшісі Білісбекова Динара Біліспекқызы және дебат клубының белсенділері.

Еңбек күні - еңбек адамдарын және олардың экономика мен қоғамның дамуына қосқан үлесін мойындайтын мереке. Ол еңбек пен өнім, қызметтер жасап, елдің инфрақұрылымын қолдайтын адамдардың күш - жігерінің маңыздылығын еске салады. 

Еңбек күні - кез келген еңбекті құрметтеп, бағалауға шақыратын мереке, әрбір қызметкердің лауазымы немесе мамандығына қарамастан, олардың маңыздылығын атап көрсетеді. Бұл мереке әр адамның қоғамның әл - ауқатына қосқан рөлін еске салады.