Колледж “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы шеңберінде қалалық аналар кеңесімен тығыз әріптестік қатынаста жұмыс жасайды. Тұрақты түрде қыздар клубы, әжелер мектебі ұйымдастырылып тұрады. Соның дәлелі бүгін колледж оқытушылары қатарынан құрылған әжелер ансамбілі қалалық “Әжелер фестиваліне “ қатысып халық әнін орындап ұлттық композициялық дайындалған қойылым ұсынды. Үздік қойылымның бірегейі ретінде марапатталды. Әжелер мектебі жас отбасыларға тәлімгер ретінде шешуші роль атқарады.