Бүгін колледжде 1 қазан қарттар күніне арналған «Қарты бардың қазынасы бар» атты мерекелік іс шара өткізілді. Мерекелік шараға колледж қабырғасынан зейнетке шыққан ардагер ұстаздарымыз бен барлық топтардан қонақ ретінде ата-әжелер шақырылды. Қарияларымыз өздеріне құрметпен жайылған мерекелік дәм дастархан басына жағасып отырым мерекелік шараны тамашалады. Шара барысында колледж директорының құттықтау сөзі мен қазыналы қарияларымызға қала әкімінің құрмет грамоталары гүл шоқтарымен табысталды. Студенттеріміз тақырыптық керемет әндерін жолдап, биден шашу шашты.Мағыналы қойылымдарымен көрерменге ата-ананы қадірлеуге ой салды. Мерекеге келген қарияларымызды биге шақырып, кәсіподақ ұйымы мен әр топтардың әзірлеген мерекелік сыйлықтары ұсынылды. Шара соңында барлық мереке қонақтары естелік суретке түсіп, мереке туралы өз ыстық тілектері мен ризашылықтарын білдіріп лебіздерімен бөлісті. Шара үлкендерге деген лайықты құметпен дайындалған.Іс шараны дайындаушы ұйымдастырушы БМ - 22 тобы студенттерімен, кураторы Халыкова Гаухар Алтаевна және БМ32 тобы студенттері кураторы Сайдағазина Гулбахрам Қасымханқызы, барлық сәттерді алдын - ала ойластырып, ерекше шығармашылықпен дайындағаны үшін колледж әкімшілігі алғыс білдіреміз.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1761-arty-bardy-azynasy-bar.html#sigFreeId5efc3cdf7d