Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы және Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Еңбегі адал –жас өрен» жобасын іске асыру мақсатында «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» айдарымен тазалық акциясы ұйымдастырылды. Акция шеңберінде ДМ-12, ДМ21, ДМ-32, БМ-11,БМ-12,БМ-13 тобының студенттері және колледждегі «Жасыл ел» үйірмесінің белсенділері колледж аймағын және қалалық саябаққа тазарту жұмыстарын жүргізді. Күз айының шуақты күнінде, студенттер тазалық акциясына кураторларымен бірге көтеріңкі көңілмен жоғарғы белсенділікпен қатысты. Олар таза қала өзімізден басталатынын жақсы біледі.Мұндай шарада «Жасыл ел» үйірмесінің белсенділері жетекшісі Ш.Е.Каппасовамен әрқашанда бірге әрқашан алдыңғы сапта тұрады. Барша акцияға қатысушы топтарға «ЖАРАЙСЫҢДАР!» дегіміз келеді.