"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру жоспарына сәйкес "Еңбегі адал -жас өрен" жобасын жүзеге асыру барысында колледж студенттері "Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының 2 курс (9 сынып базасы негізінде оқитын) БМ-22 тобы әдіскер Әждарова Балауса Серікқызымен №1 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебіне "Менің мамандығымның құпиялары" атты өндірістік саяхатқа барып, мектеп базасымен және бастауыш сынып мұғалімі қызметімен танысты. Өндірістік саяхат барысында студенттер болашақ мамандығының алғы дағдыларымен танысып, көрнекіліктерді түрлендіру және тиімді қолдану жолдарын меңгерді. Мамандық құпияларымен танысып, мұғалімдік мамандықтың жаңа қырларымен бөлісті. Өндірістік саяхат қала мектептерінде тағы да жалғасын табады. Бұл іс шараның әр студент өз мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыруда себепші роль атқарады.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1785-e-begi-adal-zhas-ren.html#sigFreeId8b2ad57dd6