Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

2024 жылдың 07 - 18 қазан аралығында «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс БМ - 32 тобының білім алушылары қаламыздағы Ш.Уәлиханов атындағы № 1 жалпы білім беретін мектепке педагогикалық тәжірибеден өтіп, кесте бойынша сабақ беруде.

Білім алушылардың сабақтарына әдіскерлер Оралбаева Салтанат Усербаевна мен Әждарова Балауса Сериковналар қатынасып, әдістемелік көмек беруде. Мысалы: БМ - 32 тобының білім алушысы Ж.Какенованың 1 сыныпта қазақ тілі пәнінен өткізген «Ч, Щ дыбыстары», Д.Мұсабектің 3 сыныпта математика сабағында өткізген «6 санын көбейту және бөлу», А. Оспанованың 4 сыныпқа дүниетану сабағында өткізген «Көшбасшы қандай болу керек?», Ғ.Құдабаеваның қазақ тілі сабағында өткізген «Дауысты және дауыссыз дыбыстар», А. Бірмағанбетованың 2 сыныпта математика сабығында «Ұзындық өлшем бірліктері» тақырыбындағы сабақтарын атап өтуге болады.