Арқалық қалалық ардагерлер кеңесі мен Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі бірлесе отырып ұйымдастырған «Деструктивті діни ағымдар және жастық максимализм» атты кездесу 14 қараша күні колледж ғимаратында өткізілді. Кездесудің мақсаты:
• Діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылықтарын ашу;
• Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан - жақты талдап, жастарға ой салу;
• Қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Кездесу қонақтары Арқалық қаласының ардагерлер кенесінің мүшесі Султанбеков Марат қажы, Арқалық қаласының ардагерлер кенесінің мүшесі Хамзин Нұрлан Сейтжанұлы, Арқалық қаласы Полиция басқармасы Экстремизмге қарсы іс қимыл тобының жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Кайндинов Асхат Бақытжанұлы мен қаламыздың теологы, Мухтасиб Әлмұхаммед мешітінің Наиб имамы Мұхтар Есдәулет Жұмаханұлы қатынасты. Келген қонақтарымыз жат ағымнан аулақ болуға, ешкімнің сөзіне сенбеу керектігін, жастарға жол көрсетіп, жөн сілтеп, дұрыс бағыт-бағдар беру – аға буынның міндеті екенін ашып көрсетті. Барлық мәселелерді жастардың өзі кінәлі демей, ел болып, жұрт болып бірге атсалысуымыз қажет екендігіне тоқталды. Сонымен қатар, Арқалық қаласы Полиция басқармасы Экстремизмге қарсы іс қимыл тобының жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Кайндинов Асхат Бақытжанұлы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 273-баппен таныстырды. Терроризм актісі туралы жалған хабарлама бергені үшін заңды түрде жазаланатынын білім алушыларға мәлімдеме жасады.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1812-destruktivti-dini-a-ymdar-zh-ne-zhasty-maksimalizm-kezdesu.html#sigFreeId9975377b87