Колледждегі тәрбие жүйесінің құрамдас маңызды бір бөлшегі ретінде білім алушылардың діни сауаттылығын қалыптастыру міндетін бөліп көрсетуге болады. Бүгінгі білім алушылардың діни сауаттылығы – ертеңгі қоғамның қауіпсіздігінің кепілі болады. Біз діни сауаттылық деңгейін көтеру арқылы жастарымыздың діни идеологиялар мен деструктивті ағымдардың шырмауына түсіп қалудан сақтай аламыз. Діни сауаттылықтың төмендігі және оның болмауының салдары жастардың діни экстремистік қауымдарға қосылу үрдісіне кеңірек жол ашады. Жастардың діни санасы мен діни білімін қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі ретінде қалып отыр. Сол себепті колледжіміздің білім алушыларымен Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Қостанай академиясы қылмыстық-атқару жүйесі мамандарын экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл жөніндегі орталығының бастығы, полиция подполковнигі Тұғанов Мырзабек Сардарбекұлымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу білім алушыларға жақсы өсер берді деген ойдамыз.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1813-kezdesu-myrzabek-myrzamen.html#sigFreeId8540e32e05