Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде Қамқоршылық Кеңес төрағасы, мүшелері, колледж әкімшілігімен жоспарға сәйкес кезекті №5 «Колледжге оқу процесін ұйымдастыруға жәрдесу» тақырыбында отырысы өткізілді.Колледж 2024 - 2025 оқу жылына қабылданған білім алушылары туралы жалпы мәлімет директордың Оқу – ісі жөніндегі орынбасары Турганова Ж.С. баяндамасы тындалды. Студенттердің өндірістік практикасынан өту туралы кәсіпорындармен шарттар, әлеуметтік әріптестермен бірлескен қызмет туралы шарттар жасасуға жәрдемдесу туралы директордың Оқу – өндірістік жөніндегі жөніндегі орынбасары Нургазиева Б.А. мәлімдемесін жасап, әлеуметтік серіктестермен байланысы туралы баяндады.
Білім алушылар арасында құқық бұзушылықтардың, нашақорлықтың алдын алу мәселесі және маскүнемдіктің, темекі шегудің, буллингтің, людоманияның алдын алуға жәрдемдесу кәмелетке толмағандар арасында қосымша біліммен қамту колледждің әлеуметтік педогогімен. Колледж психологі: Нуркенова Г.Д өткізілген жұмыстарын көрсетіп, баяндады.
Колледж студенттерін қоғамдық, мәдени-демалыс қызметіне , көшпелі іс-шараларға тарту, 2024-2025 оқу жылына арналған студенттер лигасына қатысу бойынша директордың тәрбие жөніндегі орынбасары ОразоваГ.К баяндама жасады.
Отырыс барысында сұрақтар қойылып, кеңес мүшелерімен талқылынып, болашақта қолдау көрсететіні туралы айтты.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1815-am-orshyly-ke-esti-kezekti-otyrysy.html#sigFreeId33e2b1ead4