Колледж қызметкерлері мен оқытушылар және кураторлармен "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмысы бойынша" кезекті отырысы өткізілді. Күн тәртібінде: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәдениетін қалыптастыру және өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу мәселесі қаралды. Отырысқа колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Оразова Г.Қ. төрайымдық етті. Күн тәртібі бойынша «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 31 қазандағы Вн №797 нөмірлі хатын ұжымға таныстырды. Сонымен қатар жоғарыда аталған хатқа сәйкес, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған немесе жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдардың көтермелетіндігін жеткізді және де сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабардар болған адамдар жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 нөмірлі Call орталығына хабарласу керектігін ескертті. Сонымен қатар жемқорлық туралы хабардар еткен адамдар мемлекеттің қорғауында болады және олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияны құрайтынын атап өтіп, олардың қызметін мемлекет біржолғы ақшалай сыйақы төлеу арқылы көтермелейтіндігін еске салды. Түсіндірме жұмысы барысында қозғалған тақырыпқа сәйкес сұрақтар мен ұсыныстар отаға салынды.