"Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" халықаралық акциясы жүзеге асыру жоспарына сәйкес колледжде халықты тұрмыстық зорлық зомбылықтан хабардар етіп ақпараттандыру мақсатында "Зорлық зомбылықсыз - әлем" атты дөңгелек стөл өткізілді. Дөңгелек стөлге жоғарғы курс студенттері мен жас отбасылар шақырылды. Шараның басты спикерлері Арқалық қаласы ПБ ЖПҚб ЮПТ аға инспекторы полиция майоры Мейрамгүл Байсалбекова, Арқалық қаласы прокуратурасының прокуроры - Ачканов Арман Байтұрсынұлы , Қалалық "Аналар кеңесі" төрайымы Бақытжамал Аяғанқызы Қалтаева қатысты. Шара барысында тұрмыстық зорлық зомбылықтың түрлері, осындай мәселе болғанда жасалатын әрекеттер мен жедел байланыс қоңыраулары туралы ақпараттық материалдар берілді. Шараны ұйымдастырушы колледж психологі Дакар Айнұр Бақытқызы түрлі психологиялық тренингтік жаттығулар жасатып, студенттермен тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алуға арналған тапсырмалар орындалып, жағдаяттар шешілді , дөңгелек стөл соңында сергіту жаттығулары өткізіліп, іс шара туралы қатысушылар мен қонақтардың пікірлері тыңдалды.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1825-zorly-zombyly-syz-lem-atty-d-gelek-st-l-tkizildi.html#sigFreeId50d33aa1b2