Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Республика бойынша қолға алынып жатқан «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша үш айды қорытындылай келе жасалған жұмыстар өте ауқымды. Осы жұмыстар барысында колледжде 3 қабат толығымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша жабдықталып безендірілді. Бағдарламаның басты «Әділетті Қазақстан», «Адал азамат»,«Озық ойлы ұлт» үш тағанын негізге алған. Басты құндылықтар «Тәуелсіздік және отаншылдық», «Әділдік және жауапкершілік», «Бірілік пен ынтымақ», «Заң және тәртіп», «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік», «Жасампаздық және жауапкершілік», назарға алынған безендіру күн сайын студенттерге осы бағдарламаның маңызын түсіндірді. Сондай ақ дәліздерге қойылған көрмеден апта дәйек сөздері мен сол аптада «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша қамтылған шаралардың суреттері қойылған. Сондай ақ,оқу ғимаратында осы бағдарламадағы «Ұлттық ойындар алаңы» әр қабатта жасақталған. Студенттер кез- келген қоңырауда «Тоғызқұмалақ», «Бес тас» ойындарын ойнау мүмкіндіктері қарастырылған. Бұл да жыл сайын жарыстар мен наурыз мерекесінде ғана ойналатын ойындарды күн сайын ойналғаны ұлттық ойындарымыздың қолданыс аясын кеңейтті. Оқу ғимаратының кіреберісіне орнатылған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы ақпараттық стенді алыстан мен, мұндалайды.

Бағдарламадағы күн сайын ұйымдастырылатын «Күй күмбірі» қоңырау орнына күй ойнату көзделген. Бұл шара бізде колледжде саз бөлімі болғандықтан күнде үлкен қоңырауда саз бөлімінің студенттері залдарда қоңырауға шыққан студенттерге күй ойнайды.Бұл ұлттық өнерімізді дәріптейтін ерекше көрініс ретінде орын алды.

Бағдарламаның басты басымдылықтарының бірі айдың, аптаның дәйек сөздері. Дәйек сөздер басты қүндылыққа негізделген. Дәйек сөздер барлық топтарға, әр апта сайын ауыстырылып ілініп отырылады және апта сайын апталық жиында дәйек сөзге қатысты мақал жарысы ұйымдастырылып отырылады. Колледжімізде қалыптасқан дәстүрлі шаралардың бірі аптаның әр дүйсенбісі студенттер мен оқытушылар, қызметкерлер ұлттық киіммен келеді және сол күні еліміздің әнұраны асқақтата орындалады. Әнұран орындалу шеберлігіне қарай ауыспалы кубок беріледі. Бұл үрдіс студенттеріміздің әнұранды құлттық киіммен ерекше ыждағаттылықпен орындауына қарай