Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде 2024-2025 оқу жылының 26 қарашасында қаламыздағы бөбекжайлардың әдіскерлерімен «Әдіскер - балабақша айнасы» тақырыбында тәжірибе алмасу семинары өтті.
Семинардың мақсаты - мектепке дейінгі ұйымдардағы серіктестер арасындағы ынтымақтастықты нығайту және ортақ қызмет үйлесімін көрсету, тәжірибе алмасу.
Семинарға қаламыздағы 5 бөбекжайдың әдіскерлері қатысты.
«Ақбота» бөбекжайының әдіскері - Молдагалиева Сайра Кенжебековна;
«Балдырған А» бөбекжайының әдіскері - Жұманова Айдана Нұрлыбекқызы;
«Раушан» бөбекжайының әдіскері - Наурызбаева Гульнур Уразгалиевна;
«Золотой ключик» бөбекжайының әдіскері - Байгабулова Гульзада Нурлубековна;
Ашутасты ауылынан «Гүлдер» бөбекжайының әдіскері - Хамзина Гулизат Қайратовна.
Семинар барысында әдіскерлер «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының білім алушыларына оқу қызметі кезінде қолданатын әдіс-тәсілдердің түрлерін көрсетті.
Семинарды практика әдіскері Аубакирова Толқын Утешовна ұйымдастырды.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1859-disker-balaba-sha-ajnasy.html#sigFreeId5fd82188d9