"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы "Ұшқыр ой алаңы" жобасы аясында колледжде 2-курс студенттері арасында "Тапқыр болсаң, озып көр" атты интеллектуалды ойын өтті. Ойынның мақсаты: білім алушылардың бағдарлама бойынша білімдерін бағалау, ұлттық құндылықтарды насихаттау. Ойын 5 кезеңнен тұрады:
- Таныстыру (топтың аты, ұраны, логотипі)
- Ширату
- Жеті жұрттың тілін біл
- Тапқырлар сайысы
- Дәйексөздер
1-ші кезеңде топ өздерін таныстыру керек еді. 2-ші кезеңде әр топқа Біртұтас тәрбие бағдарламасының бағыттарынан алынған 4 сөз берілді. Сол сөзден неғұрлым көп сөз құрастыру қажет болатын. 3-нші кезеңде әр топқа сөз жасырынып тұрған нақыл сөздер беріліп, сөздердің орыс тілінде және ағылшын тілінде аудармасын айту керек. 4-ші кезеңде әр топқа ребус беріліп, жауабы сұралды. 5-кезеңде Word Wall бағдарламасы арқылы дәйексөздерді сәйкестендіру тапсырмасы берілді. Әр кезеңде білім алушылар өз алғырлығы мен тапқырлықтарын көрсете білді. Әділ-қазылар алқасы: Мырзагалиева Айнұр Балғабайқызы, Сейтқожина Ақбота Серікбайқызы колледж оқытушылары өз әділ бағаларын беріп, білім алушыларды марапаттады. 1 орынды "Жарқын болашақ" тобы, 2 орынды "Ынтымақ" тобы, 3 орынды "Біртұтас білім" тобы иеленді. Зияткерлік ойынды ұйымдастырушы колледж оқытушысы Халыкова Гаухар Алтаевна. Ойын топтар арасында білімге, жеңіске деген бәсекелестікті қалыптастыра алды.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1872-intellektualdy-ojyn-tap-yr-bolsa-ozyp-k-r.html#sigFreeId80feba8f10