Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Колледждің "Жайдарман" үйірмесінің белсенділері "Жер жарар" жайдарман командасы үшін биылғы жыл табысты болды. Кеше ғана өткен қалалық лигадан "Чемпион" атанған командамыз облыстық жайдарман лигасының ақтық қорытынды ойынына қатысып, жүлделі 3 орынды иеленді. Бұл қыздардың үш жылдан бергі жинақтаған тәжірибесі мен еңбектерінің жемісі. Колледж қабырғасына келгеннен бері жайдарманшы қыздарымыз Амандық Жансая (БМ-42 тобы), Сәбит Көркем (БМ-32 тобы), Қуанышбек Назар (МД-32 тобы) құрамынан жасақталған "Жер жарар" қалалық және облыстық жайдарман ойындарының белсенді қатысушылары болып, ақтық кезеңдерге дейін жолдама алып келді. Сол еңбектері еленіп, биылғы жылдың үздіктері қатарына еніп, колледжіміздің намысын қорғап жүргені үшін мақтан тұтамыз. Жарайсыңдар, қыздар!