Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 - 4 курс БМ - 31, БМ - 42, БМ - 43 тобының білім алушыларына 2024 жылдың 02 - 13 желтоқсан аралығында «Диплом алды тәжірибесіне дайындық» оқу тәжірибесі өткізілуде. Тәжірибені әдіскерлер Абдилдина К.С., Оралбаева С.У., Байбосын К.К., Ақылбекова Л.Б,. ұйымдастыруда.

Тәжірибе барысында білім алушылар сабақ берудің әдіс - тәсілдерімен, ата - аналар жиналысының өткізу түрлері, күнделікті толтырудың барысы, тәжірибенің қорытынды есебін жазу, сынып жетекшілік кезінде өткізетін тәрбие сағаттарының жоспарының құрылымымен таныстырылып, іс - тәжірибе барысында бір - бірімен тәжірибе алмасты.