«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы жоспарына сәйкес БМ - 42 тобында “Су - тіршілік көзі“ тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Білім алушыларды экологиялық білімдерін кеңейтудің құрамдас бөліктерінің бірі - суды үнемді пайдалану мәдениетін қалыптастыру. Су ресурстарын ұтымды басқару әдістері болашақ ұрпақтың әл-ауқатын қамтамасыз етудің негізі.
Студенттер арасында судың өмір көзі екенін, адам ағзасына пайдасы туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді. Кураторлық сағат тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетілімінен басталды. Кураторлық сағат барысында суды үнемеудеуге арналған дағды, әдістерді қалыптастыруға арналған тренингтік ойындар мен жаттығулар көрсетілді. Студенттердің әрқайссы суды қалай үнемдейтіні туралы әдіс-тәсілдері мен тәжірибесімен бөлісті. Су - тіршілік көзі атты кураторлық сағатты “Судың да сұрауы бар” деген даналықты сөзбен аяқталды!
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1883-su-tirshilik-k-zi-ta-yrybynda-kuratorly-sa-at-tkizildi.html#sigFreeId76649028bc