Бүгін облыстық білім басқармасымен бірлесе отырып "Социум и я" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен жылдың үздік студенттерін марапаттауға арналған салтанатты іс шара Қостанай қаласы, "Мирас" мәдениет үйінде жылдық марапаттау рәсімі өткізілді. Облыстың ең үздік студенттері жиналған шараның алғашқы құттықтау сөзі Қостанай облысы білім басқармасының " Техникалық және Кәсіптік білім беру" бөлімнің басшысы Ж.С.Жумина ханымның құттықтау сөзімен ашылды. Аталмыш қорытынды марапаттау шарасына Арқалық қаласынан біздің колледждің "Өркениет" дебат клубының белсенділері қатынасып жылдың үздік дебатшылары ретінде қазақ лигасының чемпионы марапатын иеленді және 150 мың теңге сыйақысы табысталды.Жыл бойына өткізілген Дебат ойынының 8 кезеңіне қатынасып ақтық кезеңде жүлделі 1 орынды иеленді,жылдық ойынның қорытындысы бойынша Оспан Аружан қазақ лигасында "Ең үздің спикер" атанып 30 мың теңге жүлдемен оралды.Біздің студенттерімізді облыс көлеміндегі үздік студенттер қатарынан көргенімізге шын жүректен қуаныштымыз. Алар асуларыңыз әлде де көп болсын!!!
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1885-miras-m-deniet-jinde-zhyldy-marapattau-r-simi.html#sigFreeId74d71dbad9