Су ресурстарын ұтымды басқару әдістері болашақ ұрпақтың әл - ауқатын қамтамасыз етудің негізі болып табылады. Осы мақсатты негізге ала отырып колледжде бүгін МД - 32 тобы студенттері үшін «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен сапалы өткізу барысында колледжде барлық топтарда су үнемдеу мәдениетін қалыптастыруға арналған сынып сағаттары өткізілді.
Жетекшілік сағатының мақсаты: судың маңызды табиғи ресурс екендігі жөніндегі білімдерін жүйелендіру, оларда тіршілік көзі ретінде суды тұтыну мен суды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру.
Сынып сағатында барлық ақпарат экологиялық тәрбие беруге бағытталған түсіндірме жұмыстарын қамтыды.
Жыл сайын ауыз су қорының мөлшері күрт азайып келе жатқандығы, ішуге жарамды су мәселесі - ең өзекті әрі жаһандық мәселелердің бірі болып отырғанындығы баса айтылды. Себебі әрбір адамның өмірі мен әл - ауқаты судың қолжетімділігіне байланысты. Жаһандық мәселелер әлемдік деңгейде шешіледі, алайда әрбір адам табиғатты қорғауға өз үлесін қосуы қажет деген тұжырымдама жасалды. Сынып сағатын Өткізуші: Аубакирова Толқын Утешовна - МД - 32 тобының кураторы.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1887-su-nemdeu-m-denietin-alyptastyru-a-arnal-an-synyp-sa-aty.html#sigFreeIdd13ced7a88