Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Бүгін колледж қабырғасында,қаланың спорт саласын дамытуға зор үлес қосқан колледж ардагер ұстазы, зейнеткер Таскаева Людмила Петровнаның 70 жасқа толуына арналған мерейтойлық кеш өткізілді. Мерейтой кешіне кеш кейіпкерінің әріптестері мен шәкірттері қонақ ретінде шақырылды. Мерейтой иесіне құрмет 1 қабаттағы дәлізден бастап көрсетілді. Студенттер кейіпкерімізді 3 қабаттағы мәжіліс залына жеткенше қошеметпен тік тұрып қарсы алды. Мәжіліс залында кейіпкерімізді тәтті бәлішпен, туған күн әнін айтып, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің оқытушылары, кеш қонақтарымен бірге қарсы алды.
Мерейтой кешін колледж директоры Мамбетов Руслан Елікбайұлы құттықтау сөзімен ашып, мерейтой иесіне алғыс хаты мен сый сияпатын жасады. Мерейтой иесінің өмір жолы туралы бейне ролик тамашаланып, кейіпкердің қызметтегі жетістіктері баяндалды.
Кеш барысында келген қонақтар Людмила Петровнамен бірге әріптестік қызметтерінде бастан кешкен қызықты естеліктерімен бөлісіп, ардагер ұстазға құрметтерін, сый сияпаттарын жолдады.Кеш барысында мерейтой иесіне арналған сауықтық ойындар мен қонақтарға қызықты тренингтер өткізіліп, қатысушыларға кеш кейіпкерінің өмір жолы насихатталды. Шара соңында студенттер мерейтой иесіне өз сұрақтарын қойып, тілектері мен жақсы лебіздерін жолдады.Шара қатысушыларға жағымды көңіл күй сыйлады.
Мерейтой иесі Людмила Петровна - көпжылдар бойы, колледжіміздге және қаламыздың спорт саласын дамытуға үлкен үлесін қосып, біздің колледжден зейнеткерлікке шыққан білікті маман, спорт саласының үздігі . Ол осы еңбек жолына денсаулығын, энергиясын, жастығын арнады. Людмила Петровна қашан да біздің тарапымыздан үлкен құрметке лайықты жан.