Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Бүгін колледжде Оқытушылардың қызығушылығын арттыруда әдістемелік көмек ұсыну мақсатында «Білім беруде инновациялық технологиялардың тиімділігі» семинар - практикум өткізілді.
Президент жасанды интеллектті барлық салада дамытуды тапсырды. Бұл жаңашылдық білім саласына да дендеп енуде. Қазіргі кезде білім беру барысында жасанды интеллект технологиясын қолданудың тың технология ұстаздарға көмекші құрал екені түсіндірілді.
Семинар барысында:
Ұйымдастыру кезеңі;
- «GAMMA» платформасы - презентацияларды, құжаттарды еш қиындықсыз жасауға көмектесетін жасанды интелект.
- Google формалары ортасында тест тапсырмаларын құру
- Цифрлық трансформация, ақпараттық - коммуникациялық технологиялар саласын , ақпараттық қауіпсіздікті және киберқауіпсіздікті бекіту туралы заңмен таныстырылып,сабақ барысында қолданылатын платформалармен қорытындыланды. Семинарды өткізуші: директордың ақпараттық технологиялар бойынша орынбасары Сарсембаева Бағжанат Мухмеджановна.