Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Аспаптық орындау» мамандығы бойынша «Музыканың сырлы тілі» атты онкүндік апталықтың жоспарына сай Шәмші Қалдаяқовтың «Қазақ вальсінің королі» тақырыбында саз бөлімінің оқытушылары Нургалиева Г.А., Қабылдина А.Т. жетекшілігімен лекция концерт өтті. Әр қазақтың жүрек түкпірінен орын алып, ән әлемімізге жарық жұлдыздай сәуле шашқан вальс королі атанған Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне шолу жасалып, шығармашылық жолымен таныстырылды. Эстрадалық әндері «Сыған серенадасы», «Ана туралы жыр» ,«Арыс жағасында», «Кешікпей келем деп ең», «Өмір өзен» тағы да басқа әндері кеште орындалды. Әдеби - сазды кештің мақсаты Шәмші әндерін насихаттау арқылы халық арасында шоқтығы биік жұлдыздар шығуына ықпал жасау және өскелең ұрпақты сұлулыққа, әсемдікке, отансүйгіштікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу болып табылады.